Кафедра туралы

Кафедраны ұйымдастыру Қазақстанның космос саласына және республика экономикасының басқа аралас салалары үшін «Космос техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша жоғары білікті мамандарды дайындау қажеттілігінен туындады. Қазақстанның космос саласының дамуы Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық дамуының басымды бағыты болып табылады. 

 

Тулекбаев Ерлан Таштаевич,  Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің «Космос құралдарын пайдалану» кафедрасының меңгерушісі, техникалық ғылымдар кандидаты.
 

Миссиясы мен стратегиясы

«Космос құралдарын пайдалану» кафедрасының миссиясы жоғары білікті бакалаврлар, магистрлер мен докторларды (PhD)  дайындау мен ғылыми және инновациялық қызмет тиімділігін көтеру арқылы экономиканың табысты дамуына ықпал ету болып табылады.


Кафедраның стратегиялық міндеті ракета және ракета-космос техникасын жобалау, өндіру және пайдалану саласын білікті, бәсекеге қабілетті мамандармен қамтамасыз ету болып табылады.


 «Бүкіл әлем космосты игеруге тырысады. Мәселе бүгінгі пайдада емес, оның мәні болашақтағы ғылыми-техникалық  прогресс үшін  үлкен пайда әкелетіндігінде. Сондықтан мемлекет тарапынан космосқа кететін қандай да болмасын шығын өзін толығымен ақтайды. Бүкіл әлем осы үшін жарысқа түскен» (Қазақстан Республикасы Президенті Н.А.Назарбаевтың 2015 жылдың 12 қыркүйегіндегі сөзінен). 


Мақсаты мен міндеттері 

Қабылданған миссияны жүзеге асыру үшін, кафедра басшылығы, ПОҚ мен ОТҮ алдына келесі мақсаттарды қояды:  

  • Инновациялық бағыттағы оқу технологиясы мен ғылыми-практикалық қызметті біріктіру негізінде осы мамандық үшін ҚР МЖББМ талаптарына сәйкес маманның жалпы ғылыми және әлеуметтік-тұлғалық құзіреттілігін қалыптастыру;
  • Студенттер мен магистранттардың космос қызметінің заманауи тенденцияларын ескере отырып, ғылыми зерттеулерге инженерлік талдау мен жобалау, қою және жүргізу дағдыларын дамыту; 
  • Түлекті білім әрекетіне, өз бетімен оқуға және жаңа кәсіби білім мен біліктіліктерді игеруге дайындау, кәсіби ортада инновациялық қызметті үнемі дамыту қажеттілігін қалыптастыру;
  • Студенттер мен магистранттардың кәсіби  және этикалық жауапкершілігін, өз бетімен оқу және өмір бойы біліктілігін көтеру қабілетін дамыту арқылы, космонавтика мәселелерін шешумен айналысатын   ғылыми, ғылыми-өндірістік ұйымдар мен оқу орындарында табысты мәнсапқа дайындау.

 

Кафедраның негізгі міндеттері:
- космос техникасы мен технологиясы саласына жоғары теориялық және практикалық кәсіби біліктілігі бар мамандар дайындау;
- пәндер бойынша, ғылым мен техниканың озық тәжірибелерін ескере отырып, жоғары теориялық және практикалық деңгейде оқу-әдістемелік жұмыстың барлық түрлерін жүргізу; 
-  PhD докторантурасы арқылы ғылыми-педагогикалық кадрлар дайындау және біліктілікті көтеру;
- кафедра қызметінің бейінінде іргелі және  қолданбалы зерттеулер саласындағы, сондай-ақ аралас салалардағы ғылыми-зерттеу қызметі, студенттерді кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысына белсенді тарту, студенттердің, докторанттардың, кафедра қызметкерлерінің ғылыми жұмыстарын рейтингті ғылыми басылымдарда жариялау.
- студенттермен жұмыс: тәлімгерлік жұмыстарын жүргізу, студенттерді ғылыми студент үйірмелеріне, сондай-ақ Университеттің қоғамдық өміріне тарту.
 

Наверх