Ғылыми-зерттеу жұмысы

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы (ҒЗЖ) Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың ҒЗЖ және жалпы және теориялық физика кафедрасының ҒЗЖ жоспарларына сәйкес жүргізіледі.

       

Ғылыми-зерттеу бағыттарында кафедраның барлық профессорлық-оқытушылық құрамы, PhD докторанттары, магистранттар және «Техникалық физика» және «Жылу энергетикасы» мамандықтарының бірқатар студенттері жұмыс жасауда. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы халықаралық және республикалық конференциялар мен форумдарға белсене қатысады. 2014 жылдың 17-18 қарашасында ҚазҰТУ-да Жоғары технологиялар және тұрақты даму институты мен жалпы және теориялық физика кафедраларының ұйымдастыруымен «Конденсирленген күй физикасындағы жаңа концепциялар» атты Халықаралық ғылыми симпозиум өтті. Симпозиумға жақын және алыс шетелден 60-тан астам ғалымдарқатысты.Пленарлық және секциялық отырыстарда «Конденсирленген жүйелер құрылымы» және «Конденсирленген орталардың физикалық қасиеттері» тақырыптары бойынша 30-дан астам баяндамалар тыңдалды. Баяндамалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жасалды. Секцияларда жасалған барлық баяндамалар ғылыми зерттеулерінің жоғары деңгейлігі мен нәтижелерінің жаңашылдығы жағынан ерекшеленді.

       

Кафедрада 2014-2015 оқу жылында жеке еңбектер жинағы (конференция материалдары) –«Конденсирленген күй физикасындағы жаңа концепциялар» Халықаралық ғылыми симпозиумдегі тезистер жинағы (2014 жыл, 115 бет) жарық көрді.
       

Кафедра ұжымы университеттің 80-жылдығына арналған салтанатты мерейтойға дайындыққа белсене қатысты. Кафедра оқытушылары Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың 80-жылдығына арналған «Инженерлік білім және ХХI ғасырдағы ғылым: Болашағы мен мәселелері» Халықаралық Форумда ғылыми баяндамалар жасады.


       

2014-2015 оқу жылындағы жарық көрген ғылыми еңбектер саны 70 мақаладан астам болды, оның ішінде, 30 мақала ҚР БжҒМ(ККСОН МОН РК) нөлдік емес импакт-факторға ие халықаралық және қазақстандық журналдарда жарық көрген.

       

2014 жылы кафедрада екі ғылыми семинар өткізілген:
– «Күн энергиясын жер асты аккумуляциялау» – PhD, проф. Георгиев А.(Болгария, Техникалық университет);

– «Қазіргі заманғы физикадағы мәселелер» – проф.Дьяконов М.И.(Франция, Монпелье университеті).

       

ЖжТФ кафедрасының докторанттары, магистранттары және студенттері арнайы шақыртылған шетелдік профессорлардың, атап айтқанда:Техас университетінің профессорыМартиросян К. (АҚШ) мен Гамбург Техникалық университетінің профессорыХанно Шаумбургтардың (Германия)дәрістерін тыңдады.
       

2014 жылы ЖжТФ кафедрасындабес докторант докторантураны аяқтап, «6D072300» – Техникалық физика мамандығы бойыншафилософия докторы PhD, ғылыми дәрежесі бойынша диссертация қорғап, PhD атағына ие болды.

   

ЖжТФ кафедрасында екі ғылыми мектеп жұмыс жасайды:

 

Нанотехнологияның физикалық негіздері. Ғылыми жетекші: ф.-м.ғ.д., профессор Көмеков С.Е.
Радиациялық материалтану. Ғылыми жетекші:ф.-м.ғ.д., профессор Ысқақов Б.М.
ҚР БжҒМ қаржыландыратын ғылыми және инновациялық жобалар:

 

Тақырып: «Радиациялық әсерге ұшыраған электрондық техника материалдарындағы ақау түзілу процестерін зерттеу», Б.М. Ысқақов ф.-м.ғ.д., профессор.№747.МОН.ГФ.12.16.3000,0 мыңтенге(жылына 3 млн.). 2012-2014 жж.
Тақырып: «Күн энергиясы үшін цинк оксидының жұқа қабыршықтарын алу әдістерін жасау». №753.МОН.ГФ.13.8. С.Е.Көмеков, ф.-м.ғ.д., профессор. 10000,0 мыңтенге (жылына 10 млн. тенге). 2012-2014 жж.
Тақырып:«Сирек жер металдары негізінде наноқұрылымдымультиферриттердіалу және олардың фундаменталды қасиеттерін зерттеу».№753.МОН.ГФ.13.8. С.Е.Көмеков, ф.-м.ғ.д., профессор. 7000 мыңтенге2015 ж.


СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ

   

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы тиімділігінің маңызды көрсеткіші - студенттік жұмыстар, оның ішінде студенттердің олимпиадаларға, ғылыми конференцияларға, Республикалық ғылыми конкурстарға қатысуы болып табылады.
   

2015 жылы «Техникалық физика» бойынша СҒЗЖ (студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы) Республикалық конкурсына ҚР-ның 5 Жоғары оқу орындарынан 15 ғылыми жұмыс қабылданды. Конкурс нәтижесі бойынша ҚазҰТУ-дың «Техникалық физика» мамандығының 3 студенті I, II және III дәрежелі Министрлік Дипломдарымен марапатталды.
   

2015 жылы ЖжТФ кафедрасында өткізілген студенттік ғылыми-техникалық конференцияға ҚазҰТУ-дың техникалық мамандығының студенттерінен 25 ғылыми жұмыс ұсынылды.
   

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы жетекшілігімен студенттер ҚазҰТУ-дағы жыл сайын өтетін физика және техникалық физика бойынша олимпиадаларға қатысады. 2013-2014 оқу жылында «Техникалық физика» мамандығының студенттері физика пәні бойынша Халықаралық Интернет-Олимпиадаға қатысып, 4 алтын және бір күміс медальды жеңіп алды. 2014 жылы Ашық Халықаралық Интернет-Олимпиада «Физика» пәнін тереңдетіп оқыту нәтижесінде Ақпараттық технологиялар институтыныңстуденті БаханАнель қола медальды жеңіп алды.
   

2015 жылы физика пәні бойынша халықаралық студенттік Интернет Олимпиадада 5В072300- «Техникалық физика»мамандығының 3 курс студенттері Файзуллаева Сабина, Ким Елена, ӘбдіғаниАқансері алтын медальдарды жеңіп алса, 5В070200 –«Автоматтандыру және телекоммуникациялар» мамандығының 2 курс студенті Семенов Богданкүміс медальды жеңіп алды.

«Техникалық физика» бөлімі бойынша СҒЗЖ бойынша Республикалық конкурс:

I дәрежелі Министрлік Дипломы Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың «Техникалық физика» мамандығының 4 курс студенті Тұмратова Жания Оразғалиқызының«Нейтрондық жұлдыздың математикалық моделі» тақырыбындағы ғылыми жұмысына берілді. Ғылыми жетекшісі: ф.-м.ғ.д., профессор А.Т. Мұстафин.
II дәрежелі Министрлік Дипломы Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың «Мұнай және газ ісі» мамандығының 1 курс студентіМұқаметжан Арайлым Әділбекқызының«Ғарыштық жүйелер үшін сутегі легирленген цинк оксидының атомдық және электрондық құрылысын модельдеу»тақырыбындағы ғылыми жұмысына берілді. Ғылыми жетекшілері: аға оқытушылар: Г.А. Балғожина, К.М. Оспанов, А.Б. Усеинов. 
III дәрежелі Министрлік Дипломы Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың «Техникалық физика» мамандығының 2 курс магистранты Саитова Надира Курванжанқызының«ZnO-ныңнаноқұрылымды қабаттарын термиялық және плазмалық өңдеу» тақырыбындағы ғылыми жұмысына берілді. Ғылыми жетекшісі: Phd докторы, Гриценко Л.В.

Наверх