Материалдық-техникалық база

Кафедрада 10 оқу және ғылыми-оқу зертханалары бар, оның ішінде механика және молекулалық физика, электр және магнетизм, оптика, атомдық және ядролық физика зертханалары, техникалық физика зертханасы, оқу нанозертханасы, жұқа қабыршықтар технологиясы зертханасы және компьютерлік сыныптары бар, сонымен қатар, Физика-техникалық институтында кафедраның филиалы бар. 
   

Зертханалар Ресей мен Германиядан шыққан заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. 
   

Қазіргі уақытта кафедрада 35 компьютер бар, барлығы жалпы университеттік желі арқылы интернетке қосылған.
   

Наносекундты, қуатты, импульсті «НЕПТУН» электронды үдеткіші жұмыс жасап тұр. Оқытушылар мен студенттер ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін Инженерлік профиль зертханасында: электрондық микроскоп ЭМ-125, расторлық электрондық микроскоп МРЭМ-100, вакуумдық әмбебап пост ВУП-5М, электрондық-парамагниттік резонанс құралы ЭПР-2 т.б. құралдар қолданылуда.
   

Бөлмелердің жалпы ауданы 597 шаршы метрді құрайды. 
   

Әр зертхана құжатталған, сонымен қатар еңбек қауіпсіздігі нұсқаулығы және өрт қауіпсіздігі ережелері бар.

Наверх