Кафедра туралы

Тарихы


Жалпы және теориялық физика кафедрасының негізі 1934 жылы Қазақ тау-металлургия институты, қазіргі Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті құрылғаннан  бастап қаланды.


1934 жылдан бастап жалпы және қолданбалы физика, қазіргі жалпы және теориялық физика кафедрасын басқарғандар:
профессор М.Ю.Юрьев (1934 – 1935), доцент А.Н.Куратов (1935 – 1941),
профессор И.М.Бабаков (1941 – 1943), профессор А.А.Ахиезер (1943 – 1944), доцент Л.К.Добрецов (1944 – 1945), профессор Л.В.Гульницкий (1945 – 1971), профессор Т.Х. Шормонов (1971 – 1991), доцент Т.Б.Бегімов (1985 – 1988, 1989 – 1995), профессор Л.М.Даутов (1991 – 1993), профессор Б.М. Ысқақов (1993 – 1997), профессор С.Е.Көмеков (2003 – 2009), профессор Т.Б.Бегімов (2009-2013), 2013 жылдан бастап доцент Х.Р. Майлина.
         

1945 жылдан бастап кафедраны ҚазССР-нің ғылымына еңбегі сіңген қызметкер, ф-м.ғ.д., профессор Л.В. Гульницкий басқарды, ол ғылыми-зерттеу жұмыстарымен қатар актинометрия аумағында аппаратуралар жасаумен айналысты. Ол Күннің сәуле шығару тұрақтылығын сипаттайтын күн тұрақтысын өлшеудің абсолютті әдістер теориясын ұсынды.

1971 жылы жалпы физика кафедрасымен қатар қолданбалы физика кафедрасы құрылды, оның меңгерушісі болып ҚазССР-нің ғылымына еңбегі сіңген қызметкер, техника ғылымдарының докторы, профессор Т.Х. Шорманов тағайындалды. Оның бастамасымен ультрадыбыстық өрістегі ферромагниттік қорытпалардан алынған моно- және поликристалдарды өсіру тәжірибелік жұмыстары жақсы дамыды.  Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері Рязань, Пенза, СеверодвинскідегіМинэлектронпром және Минборпромдардың ірі өндірістерінде енгізілді.     
         

1991 жылдан бастап қолданбалы физика кафедрасын физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Л.М. Дәуітов басқарды,  оның ғылыми-зерттеулері жоғары температурадағы асқын өткізгіштік теориясына арналған.    
    

1993-1997 жылдар аралығында қолданбалы физика кафедрасын ф.-м.ғ.д., профессор Б.М. Ысқақов  басқарды. Профессор Б.М. Ысқақовтың ғылыми зерттеулеріқатаң радиациялық-термиялықәсерлерге ұшыраған металдардың құрылымдарын және физикалық қасиеттерін математикалық модельдеумен байланысты болды.    

 

1995 жылы қолданбалы физика кафедрасы жалпы физика кафедрасымен біріктіріледі.

 

2003-2010 жылдар аралығында жалпы және теориялық физика кафедрасын ф.-м. ғ.д., профессор С.Е. Көмеков басқарды. Профессор С.Е. Көмековтың ғылыми-зерттеу жұмыстары оксидті шалаөткізгіштер негізіндегі гетероқұрылымдарды, екіөлшемді шалаөткізгішті құрылымдардағы электрондардың спиндерінің оптикалық бағдарлануын зерттеумен байланысты.
    

1997-2003,  2010-2013 жылдар аралығында  біріккен кафедраны, оның алдындағы жалпы физика кафедрасын (1989-1995) басқарған, т.ғ.к., профессор Т.Б. Бегімов басқарды.
Профессор Т.Б. Бегімовтың ғылыми-зерттеу жұмыстары интерметаллидтердің физикалық және механикалық қасиеттерін зерттеумен байланысты.

 

2013 жылдан бастап жалпы және теориялық физика кафедрасының меңгерушісі болып физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Майлина Хамария Рахымжанқызы тағайындалды. Х.Р. Майлинаның ғылыми-зерттеу жұмысы қоспа енгізілген шалаөткізгіштердің электрондық және жылулық қасиеттерін зерттеуге арналған.  


Бүгінгі таңда жалпы және теориялық физика кафедрасы – Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің алдыңғы қатарлы білім және ғылыми бөлімшелерінің бірі болып табылып, Жоғары технологиялар инженериясы институтының құрамына кіреді.


ЖжТФ кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының білім беру және ғылыми қызметтері университеттің барлық инженерлік-техникалық мамандықтарының студенттерін физика бойынша іргелі дайындауды жүзеге асыру, жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ету, оқытудың бағдарламалары мен технологияларын жетілдіру, болашағы бар іргелі, ғылыми және қолданбалы зерттеулер үшін заманауи ғылыми-техникалық инфрақұрылымды дамытуға арналған.


Соңғы 5 жылдың ішінде, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы ҚР БҒМ қаржыландыратын 7 гранттық жобаны орындады, екі халықаралық «TEMPUS» білім жобаларына және үш халықаралық «Erasmus Mundus» бағдарламасына қатысты. 4 оқулық, 6 оқу құралы, 241 ғылыми еңбек жарияланған, оның ішінде 80-і импакт фактормен, ал 20-сы жоғары импакт фактормен, 6 патент алынған.


Кафедраның бүгінгі жетістіктері көптеген жылдар бойғы физиканың әртүрлі салалары бойынша жетістіктерімен белгілі ғалымдар мен педагогтардың шығармашылығы мен бастамашылдығы арқасында мүмкін болды.

Жалпы және теориялық физика каферасының дамуына үлкен үлес қосқандар, кафедраның ардагерлері: Қасымжанов Б.Г., Каримов М.Г., Құшпанов М.С., Подкладнев В.М., Алпысбаева А.А., Нигматов М.Х., Утеулина К.А., Камышева А.Г., Құсайнов С.К., Сулеева Л.Б., Шамбулов Н.Б., Полякова Л.М., Полатбеков Э.П., Мироненко Г.В., Мұсағалиева Р.К., Балғожина Г.А, Гольцева Е.М., Спицын А.А., Ниязова Ш.В. және т.б.

 

КАФЕДРА ТАРИХЫ ФОТОЛАРДА

Профессор Л.В.Гульницкий ҚазПТИ-дың Ғылыми Кеңесінің мәжілісінде

 

Қолданбалы физика кафедрасы, 1972 ж.

 

Қолданбалы физика кафедрасы, 1986 ж.

 

Жалпы және теориялық физика кафедрасы, 1992 ж.

 

Жалпы және теориялық физика кафедрасы, 2008 ж.

 


Мақсаты мен міндеттері:
•    студенттерді физиканың, техникалық физиканың және жылуэнергетикасының әртүрлі салалары бойынша, сондай-ақ, пәнаралық сипатқа ие, нанотехнология, ғарыштық және атомдық технология бойынша ғылыми және инженерлік мәселелерді табысты шешу үшін іргелі дайындығын қамтамасыз ету;
•    студенттердің инженерлік жобалау және талдау, ғылыми зерттеулерді  жасау және жүргізе алу қабілетін дамыту, сонымен қатар, кәсіптік бағыт ретінде болашақ инженердің сапалы тұлғасын қалыптастыру;
•    студенттердің өмір бойы кәсіптік және этикалық жауапкершілігін арттыру, тұрақты түрде өздігінен оқу және біліктілігін артыру қабілетін дамыту арқылы, оларды техникалық физика мәселелерін шешумен айналысатын оқу орындарында, ғылыми және ғылыми-өндірістік ұйымдарда табысты мәнсапқа жетуге дайындау;  
•    жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша мамандарды дайындаудың үш деңгейлі моделін жетілдіру: бакалавриат – магистратура – докторантура, білім беру бағдарламалары заманауи білім беру технологияларын енгізу негізінде, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының оқу-әдістемелік қызметтерін тұрақты түрде жетілдіре отырып, тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру;
•    кафедра бітірушілерінің білім және ғылымның заманауи халықаралық және мемлекеттік стандарттарына сай,  Қазақстан Республикасының білім беру қызметтері және әлемдік білім кеңістігі нарығында бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету;
•    білім беруді, ғылымды және өндірісті интеграциялау мақсатында кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми-зерттеу жұмыстарының артуын қамтамасыз ету;
•    физика және техникалық инженерия бойынша мамандарды дайындаудың сапасын арттыруға бағытталған, бірігіп қызмет жүргізу мақсатында әлемдік алдыңғы қатарлы білім беру және ғылыми орталықтармен өзара ынтымақтастықтықты орнату жолымен әлемдік білім беру процесіне интеграциялану.
    

 

Наверх