Ғылыми-зерттеу жұмысы

Кафедраның ғылыми зерттеу жұмысы т.ғ.д., профессор Бекбаев А.Б. жетекшілігімен 050718 – «Электроэнергетика» мамандығына сәйкес «Электр энергетикалық және электр техникалық кешендер мен жүйелерді қадағалау мен автоматтандыру әдістері мен құралдарын жетілдіру және зерттеу» тақырыбында жалпы бағытта жүргізіліп жатыр, мемлекеттік тіркеу номері 0108РК00238.

 

Осы жұмыс негізінде кафедрада келесі негізгі ғылыми бағыттар орындалуда:
«Дәстүрлі емес түрлендіргіштер мен жаңаратын энергия көздері», жетекші – т.ғ.к., доц. Мунсызбай Т.М.;
«Синхронды айналатын көпқозғалтқышты асинхронды жетекті автоматты басқару жүйесін дамыту», жетекші – т.ғ.к., Акпанбетов Д.Б.;
«Технологиялық кешендерді автоматтандырылған басқару жүйесі», жетекші – т.ғ.к., проф. Адамбаев М.Д.;
«Электр техникалық қондырғыларды басқару және қорғау жүйелерін жетілдіру және зерттеу», жетекші – т.ғ.к., доц. Кругликов А.П.;
«Төменгі жиілік тербелістерінің электр магниттік қоздырғыштары» (теория, математикалық модельдеу және жетілдіру мәселелері), жетекші – доктор РhD Садырбаев Ш.А..
 

Осы ғылыми бағыттарды орындау барысында профессор-оқытушы құрамның барлық штаттық жұмыскерлері мен біраз студенттер қатысуда.
     

01.09.2015 ж. бастап «Өндірісте күрделі стохастикалық басқару нысандарын адекватты идентификациялаудың ғылыми негіздерін жетілдіру» тақырыбындағы, мемлекеттік тіркеу №0115РК02721, мемлекеттік бюджет ҒЗЖ орындалып жатыр. Аяқталу мерзімі 31.12.2018 ж. Жетекші – т.ғ.к., проф. Адамбаев М.Д.

 

Сонымен қатар, ЭТКА кафедрасы келесі қаржыландырылатын ҒЗЖ орындап жатыр:
     

2014-2016 жылдарға № 757.ПЦФ.АЭ.14.1 "Баламалы энергия көздері негізінде энергиялық тиімді технологияны жетілдіру " бағдарламасы.
     

757.ПЦФ.АЭ.14.1 (2) бағыты тақырыбы "Су, күн, жел мен биогаз энергияларын пайдаланудың инновациялық технологияларын жетілдіру ".
Бағыт жетекшісі Бекбаев А.Б
1-тарау: «Қосарланған су турбинасы бар энергиялық тиімді мини су электр станциясын жетілдіру» жауапты орындаушы Мунсызбай Т.М.
2-тарау: «Күн энергиясын электр энергиясына түрлендіретін жоғары тиімді күн қондырғысын жетілдіру» жауапты орындаушы Садырбаев Ш.А.
3-тарау: «Жұмыс істейтін ГТЭС макеттік үлгісін көпфункциялы күн тақтасы негізінде сипаттамаларын есептеу, эскиздік жетілдіру мен дайындау» жауапты орындаушы Орынбаев С.А.
     

2014-2015 оқу жылында кафедраның ПОҚ орындаған ғылыми зерттеу жұмысы нәтижесінде халықаралық шығарылымдарда 3 ғылыми мақала мен импакт факторлары бар Қазақстан Республикасында 1 мақала жарық көрді, халықаралық конференция еңбектері жинағында 2 баяндама және республикалық конференцияларда 24 баяндама жасалды, Қазақстан Республикасының өнертабысқа 5 патент алынды. 1 монография, 4 оқулық пен оқу құралдары дайындалды және жарық көрді.
     

Кафедра жанынан мамандық бағыты бойынша жас оқытушылар, диссертациямен жұмыс істейтін магистранттар мен докторанттар шешетін ғылыми мәселелер мен тапсырмалар, алдыңғы қатарлы мамандар ғылыми зерттеулерінің нәтижелері бойынша сөз қозғайтын ғылыми семинар құрылған және жұмыс істейді.
     Осы бағыт ҚазҰТЗУ ҚР мен МЭИ (ТУ) РФ арасындағы ғылыми ынтымақтастық туралы қолданыстағы Келісім негізінде МЭИ (ТУ) Электр механикасы кафедрасымен бірге орындап жатыр.

Наверх