Кафедра туралы

Тарихы

 

Кафедра 2004 жылға дейін тау-кен өнеркәсібінің тау-кен электрмеханикасы мен автоматтандырылу бойынша мамандар даярлады. Бұл бағыттың түлектері қазір кафедрада жұмыс істейтін профессорлар Нұрлыбаев М.А., Адамбаев М.Д., Кругликов А.П., доцент Хидолда Е., аға оқытушылар Бердібеков А.О., Тоғжанова Ж.К., Баянбаев Қ.А., Байназарова Л.А. Әр жылдары профессорлар Нұрлыбаев М.А. (2001-2004 жылдары) және Кругликов А.П. (1987-1992 жылдары) кафедра меңгерушісі қызметін атқарған.

 

Бекбаев А.Б. Нұрлыбаев М.А. Кругликов А.П. Адамбаев М.Д. 2004 жылдан бастап кафедраның профилі өзгерді, енді ол «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша мамандар даярлайды. Кафедраның меңгерушісі болып т.ғ.д., профессор Бекбаев А.Б. келді. Кафедра құрамы жас дарынды оқытушылармен, электр энергетика мамандарымен, талаптарға сәйкес жаңа оқу зертханаларымен күшейтілді. Профессор-оқытушы құрамы екі есе өсті.

 

Кафедра түлектері өздерінің оқуларын «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша магистратурада, сонымен қатар Ph-D докторлық дәрежесін алу үшін республикадағы жалғыз докторантурада жалғастыру мүмкіндігіне ие.


Республикада тек ҚазҰТЗУ-дағы «Электр энергетикасы» мамандығы халықаралық аккредитациядан өтті. Қазіргі кезде кафедрада 29 оқытушы олардың ішінде 1 техника ғылымдарының докторы, профессор Бекбаев А.Б., 3 профессор, техника ғылымдарының кандидаттары –Нұрлыбаев М.А., Кругликов А.П., Адамбаев М.Д., 12 доцент, техника ғылымдарының кандидаттары –Мұңсызбай Т.М., Арынов А.К., Бавлаков В.Н., Мұхтағанов Х.Х., Жантөрин М.Ж., Жаманбаев М.А., Тұманов И.Е., Манапова Г.Д., Хидолда Е., Ауезова А.М., Юсупова С.А., Ақпанбетов Д.Б., 7 аға оқытушы Бердібеков А.О., Абитаева Р.Ш., Малдыбаева Т.С., Тоғжанова Ж.К., Байназарова Л.А., Баянбаев Қ.А., Сарсенбаев Е.А., 2 оқытушы Жонкешова К.С., Жаксылыкова С.Б., 2 магистр Сабиткызы Б., Төлеміс М. , 8 магистрант және 2 докторант жұмыс істейді. Бұдан басқа, оқу үрдісіне электрэнергетикасы бойынша мамандар өндіріс орындарынан шақырылады.

 

Кафедрада электр энергиясын алудан бастап тұтынушыға дейінгі аралықты моделдеуге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы оқу-зертханалық стендтермен жабдықталған 9 оқу зертханасы бар. Зертханалық сабақтарға 4 инженер және 3 студент-зертханашы қызмет көрсетеді.

 

Кафедра базасында «Студенттік инновациялық - зерттеу ұйымы» (жетекшісі, доцент Мұңсызбай Т.М.) жұмыс істейді. Мұнда жыл сайын 50 студент ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Тек соңғы 3 жылда «Электр энергетикасы» мамандығының 25 студенті 20 мың АҚШ долларынан 5 ақшалай сыйлықтар ұтты, 15 студент студенттердің республикалық ғылыми жұмыстарының, Siemens фирмасының, Алматы қаласы әкімшілігі конкурстарының жеңімпаздары атанды. Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы ТЕМПУС желісі бойынша халықаралық бағдарламаға қатысады. Германияға, Францияға, Италияға, Финляндияға және Ресейге тәжірибе жинақтауға барады. Кафедра Еуропаның және Ресейдің көптеген университеттерімен, сонымен қатар электрэнергетика саласының басты компанияларымен, соның ішінде «Schneider Electric» (Франция), Meenekes (Германия), Феникс (Германия) және Siemens (Германия) компанияларымен тығыз байланыс орнатқан. 

 

Кафедрада «Schneider Electric» фирмасының қазіргі заманғы түрлендіргіш техникасы бойынша бірегей мамандырылған оқу зертханасы құрылған және ол «Schneider Electric» ҚазҰТЗУ білім беру орталығы болып табылады. Бұл жерде студенттер электржетектерді басқару әдістерін іс жүзінде зерттеп, бақылай алады.

 

Орталыққа «Шнейдер Электрик» фирмасы және Франция Білім Министірлігі демеушілік қолдау көрсетеді және бұл жерде студенттер электр энергетикалық процестерді басқарудың заманауи әдістерін үйренеді. Білім беру орталығының мақсаты электр энергетика және автоматты басқару жүйелері саласының білікті мамандарын даярлау, сонымен қатар білім беру процесіне жоғары деңгейлі технологиялық платформаны енгізу болып табылады.

 

ҚазФЭО ерекшеліктері:

  • орта буын дайындығы (Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ колледжі оқушыларын оқыту);
  • жоғарғы буын дайындығы (Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ студенттерін, магистранттарын оқыту);
  • әлемдік деңгейдегі заманауи жүйелермен жабдықталған оқу-зерттеу зертханаларында біліктілікті көтеру (Қазақстан Республикасы оқытушыларын, компаниялар қызметкерлерін қайта дайындықтан өткізу).

 

Орталық зертханалар:

  1. «Электр энергетикалық жүйелерді зерттеу» зертханасы нақты физикалық модельдерде электр энергиясын алу, түрлендіру және тарату үрдістерін оқып-білу үшін қызмет етеді.
  2. «Автоматтандырылған жүйелер» зертханасы энергетикалық кешендер мен технологиялық үдерістерді басқарылатын компьютерлерді қолданып, автоматты басқарудың заманауи әдістері мен құралдарын игеру үшін қызмет етеді.
  3. «Электрлік схемаларды жобалау және құрастыру» зертханасы төменвольтті электрлік жүйелерді жобалау, құрастыру, баптауға үйрету үшін қызмет етеді.

Орталықта ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Соңғы 5 жылда кафедра қызметкерлері: 4 оқулық, 7 оқу құралын, 43 әдістеме нұсқауларын шығарды. Барлық пәндер оқу-әдістемелік кешендермен және силлабустармен қамтамасыз етілген. 


Кафедраның 2 оқытушысы (профессорлар Бекбаев А.Б., Адамбаев М.Д.) «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері. Техника ғылымдарының кандидаты, оқытушы Ақпанбетов Д.Б. республиканың ең жас өнертапқышы.

Наверх