Институт туралы

Тарихы 

ЖТИИ құрамына 4 кафедра кіреді: жалпы және теориялық физика, өнеркәсіптік экология және биотехнология, ғарыштық құралдарды пайдалану, электроэнергетика және технологиялық кешендерді автоматтандыру.


Институттың алқалық басшылық жасау жұмысын институттың ғылыми кеңесі жүзеге асырады. Әкімшілік функцияларды институттың директоры - ф-м.ғ.д., проф. С.Е. Көмеков, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, ғылыми-зерттеу жұмысы және халықаралық байланыстар жөніндегі директор орынбасары - Саитова Н.К., бакалавриат, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы бойынша директор орынбасары – Балғаев Н.Е жүзеге асырады. Институтың кафедра меңерушілері: жалпы және теориялық физика кафедрасының меңгерушісі - Майлина Х.Р., өнеркәсіптік экология және биотехнология кафедрасының меңгерушісі - Дё Ю.М., ғарыштық құралдарды пайдалану кафедрасының меңгерушісі - Тулекбаев Е.Т., электроэнергетика және технологиялық кешендерді автоматтандыру кафедрасының меңгерушісі - Хидолда Е. 

 

Мақсаты мен міндеттері:

Қазақстан Республикасының жоғары технологиялық өнеркәсіп салаларын және экономикасын жоғары біліктілікті кадрлармен қамтамасыз ету үшін институт өз алдына төмедегідей мақсаттарды қояды:
-    бакалавриат-магистратура-PhD докторантура  үш деңгейлі жүйе негізінде бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау;
-    профессорлық-оқытушы құрамының жоғары кәсіпқойлығы;
-    ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін және сапасын арттыру; 
-    ПОҚ құрамының ғылыми зерттеулерге қатысуын 70%-ға дейін жеткізу және ғылыми зерттеулерді жүргізуге 50% - дан астам  бакалавриат студенттерін, жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушылардың 100%-ын  тарту.
-    ағылшын тілінде оқытылатын пәндерді көбейту және студенттердің топтарын ұлғайту.

 

Миссиясы және стратегиясы: 
 

Институттың миссиясы мен стратегиясы зерттеу университеті ретінде ерекше мәртебесі бар  Қ.И.Сәтбаев  атындағы ҚазҰТЗУ КЕАҚ стратегиялық приоритеттері мен даму мақсаттарына сәйкес келеді.


Институттың басты міндеті болып Қазақстан Республикасының даму стратегиясына жауап беретін ғылым, білім беру және инновациялық қызметтің өзара тиімді ықпалдастығы негізінде  білім беру қызметін жүзеге асыру және ғылыми зерттеулерді жүргізу болып табылады. 
 

Наверх